• Көлік кепілде тұрған кезде оны басқа адамға ресімдеу мүмкін емес. Ол үшін алдымен Жаңа Көлік алуға Автокредитті толық өтеу қажет.

     

    Кредитті өтегеннен кейін Kaspi.kz қосымшасында көлікті кепілден онлайн түрде шеше аласыз. Ол үшін «Көлікті кепілден шығару» батырмасын басып, экрандағы қарапайым қадамдарды орындаңыз.

     

    1. «Жеке Банк» қызметін ашып, «Көлікті кепілден шығару» батырмасын басыңыз.
    2. Экрандағы қадамдарды орындаңыз.

     

    Процесс барысында мемлекеттік бажды — 1 АЕК төлеу қажет. Төлемді Kaspi Gold арқылы жасай аласыз.

    Көлікті кепілден онлайн шығару шамамен 30 минут алады.

     

    Мемлекеттік органдардан келген жауап Kaspi.kz қосымшасына хабарлама түрінде келеді.

    Жаңартылды 30.01.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?