SMS алмауыңыздың бірнеше себебі болуы мүмкін:
1. Мына хабарламалар тек Kaspi.kz мобильді қосымшасына келеді:
- бонус есептеу,
- Kaspi Gold-пен сатып алу, ақша алу, ақша аудару, толықтыру,
- пайызды есептеу, Kaspi Депозит-тен, ақша алу, толықтыру
- Kaspi.kz-тегі «Төлемдер» сервисінде қызмет, ақысын төлеу,
- кредит немесе Kaspi Red шотын төлеу,
- Kaspi.kz-тегі Магазинде тапсырыс, ақысын төлеу,
- шоттарыңыз бен Kaspi клиенті арасында, ақша аудару.
Олардың көмегімен сіз, ақшаңыздың қозғалысын қадағалап қана қоймай, олардың қауіпсіздігіне сенімді бола аласыз.
2. Мобильді телефоныңыздың нөмірін ауыстырдыңыз.
Оны Kaspi.kz мобильді қосымшасында өзгертуге болады.
Ол үшін бұрынғы нөмірмен авторизациядан өтіңіз. Содан кейін «Сервистер» → Кіру/Тіркелу деп таңдаңыз. «Баптау» → Телефон нөмірін өзгерту деп басыңыз.
3. SIM-картаның немесе смартфонның жады толып кеткен.
Жадын тазалап, телефонды қайта жүктеңіз.
4. Телефон өшірілген немесе 24 сағат бойы байланыс аясынан тыс жерде болған.
Телефон қазір қосылса, SMS келе бастайды.
5. Қазақстаннан тыс жерде болып, роумингті қоспадыңыз.
Телефон роумингте болмаса, SMS келмейді. Роумингтің тарифін және бұл қызметтің қосылған-қосылмағанын өзіңіздің ұялы байланыс операторыңыздан біле аласыз.
Егер себептердің бірде-біреуі расталмаса, Kaspi.kz мобильді қосымшасында Kaspi Гид-пен ЧатқаГид-пен ЧатқаГид-пен Чатқа жазыңыз. Біз көмектесуге тырысамыз.
Гид-пен Чатқа