Kaspi Депозит бойынша сыйақы күн сайынғы қалдық ақшаға есептеледі және айына бір рет аударылады.
Бір айға сыйақы 13,2% номинал мөлшерлеме бойынша мына формуламен есептеледі:
Сыйақы = (Депозиттегі сома x 13,2% x 30 күн)/360 күн.
Мысалы, 1 наурызда сіз депозит ашып, 500 000 теңге салдыңыз. 15 наурызда оған 200 000 теңге, 21 наурызда тағы 20 000 теңге салдыңыз. Наурыз айына сізге 6 747 теңге сыйақы аударылады.
Номинал мөлшерлеме — ай сайынғы сыйақы есептелетін мөлшерлеме.
Тиімді мөлшерлеме — номинал мөлшерлеме + капиталдандыру сомасы, ол салым сомасына ғана емес, сонымен қатар банктің есептеген пайызына да есептелетін сыйақыдан шығады. Сонда 500 000 теңге депозитке бір жылда 70 143 теңге есептеледі, ол 14% жылдық тиімді мөлшерлемені құрайды.
Депозитіңізге ай сайын қосылатын сыйақының толық есебін Kaspi.kz мобильді қосымшасында көре аласыз. Ол үшін «Жеке Банк» сервисінен қажетті депозитті таңдап, «Үзінді көшірме» қосымша бетін ашыңыз да, есептелген сыйақы туралы, ақпараты бар жолды басыңыз.