Ақша салу
Иә. Доллардағы Kaspi Депозитке кез келген Kaspi Банкоматта ақша сала аласыз.
Банкоматта үш тәсілмен авторизациядан өтуге болады:
- Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы;
Kaspi QR сервисін ашып, Kaspi Банкоматтың экранындағы QR кодты сканерден өткізіңіз.
- Kaspi Gold-ты салу немесе жақындату;
- ЖСН енгізу.
Өзіңіздің немесе Kaspi Депозитін толтыратын адамның ЖСН енгізіңіз.
Купюраларды купюра қабылдағышқа қаттап, қыстырғышсыз, қысқышсыз салу керек, оларды бір-бірлеп салудың қажеті жоқ.
Ақша депозитке бірден түседі.
Айырбастау ақшаны алған немесе салған сәттегі өзекті бағаммен жүргізіледі. Ол сіз салғыңыз келетін соманы енгізгеннен кейін Kaspi Банкоматтың экранында көрсетіледі.
Жаңартылды 26.12.2025Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?