Ақшаны салмас бұрын санап алыңыз.
Басқа адамның ЖСН-ін енгізіңіз. Егер салатын сома 500 мың теңгеден немесе $-мен баламасынан асса, жалғастыру үшін өз ЖСН-іңізді енгізесіз.
Купюраларды бумамен қыстырғышсыз әрі қысқышсыз салыңыз. Банкоматтың экранындағы соманы тексеріп, «Шотқа түсіру» деп басыңыз.
Ақша бірден түседі. Kaspi.kz қосымшасында депозиттің иесіне бұл туралы хабарлама келеді.
Қажет болса, ақша салуды тоқтатып, барлық ақшаңызды қайта алып алуыңызға болады.
Сондай-ақ ақшаны Kaspi.kz бөлімшелерінде немесе Kaspi Терминалда теңгедегі депозитке сала аласыз.
Kaspi.kz бөлімшесінің кассасында жеке куәлігіңіздің түпнұсқасы немесе цифрлық нұсқасы, алушының ЖСН-і және депозиттің реквизиттері қажет болады.
Алушы реквизиттерді Kaspi.kz қосымшасындағы Жеке Банк → Депозит → Ақпарат → Реквизиттер бөлімінен көре алады, оларды сізге мессенджер немесе электрондық пошта арқылы жібере алады.
Назар аударыңыз: доллар банкоматтары тек Алматы, Астана және Тараз қалаларында бар. Қазақстанның басқа қалаларында біртіндеп іске қосылады.
Жаңартылды 01.04.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Ақша салу