• Иә. Сіз теңгедегі Kaspi Депозитке  ақша сала аласыз.

    Ақша салу үшін банкоматта авторизациядан өту керек. Мұны бірнеше тәсілмен орындауға болады:
     

    • Kaspi Банкоматта Kaspi Alaqan камерасына алақанды жақындату арқылы.
       
    • Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы.
      Kaspi QR сервисін ашып, Kaspi Банкомат экранындағы QR-кодты сканерлеңіз.
       
    • Kaspi Gold-ты карта қабылдағышқа салу. 
       
    • ЖСН енгізу.
      Өзіңіздің немесе Kaspi Депозитке ақша салатын адамның ЖСН енгізіңіз.

     

    Купюраларды купюра қабылдағышқа түйреуішсіз әрі қысқышсыз, бума күйінде салу керек, оларды бір-бірлеп салудың қажеті жоқ.
     

    Ақша депозитке лезде түседі.

     

    Назар аударыңыз: Алматыда Kaspi Alaqan қарашада пайда болады. Біртіндеп сервис Қазақстанның басқа қалаларында да қолжетімді болады. Әлеуметтік желілердегі Kaspi.kz-тің ресми парақшаларында жаңалықтарды қадағалап жүріңіз.

     

     

    Жаңартылды 16.02.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?