Сіз Kaspi Банкоматта теңгедегі Kaspi Депозитке ақша сала аласыз. Ақша салу үшін банкоматта авторизациядан өту керек. Мұның бірнеше тәсілі бар:
- Kaspi Банкоматта Kaspi Alaqan камерасына алақанды жақындату.
- Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы.
Kaspi QR сервисін ашып, Kaspi Банкомат экранындағы QR-кодты сканерлеңіз.
- Kaspi Gold-ты карта қабылдағышқа салу.
- ЖСН енгізу.
Өзіңіздің немесе Kaspi Депозитке ақша салатын адамның ЖСН енгізіңіз.
Купюраларды купюра қабылдағышқа түйреуішсіз әрі қысқышсыз, бума күйінде салу керек, оларды бір-бірлеп салудың қажеті жоқ.
Ақша салғаннан кейін сізге Kaspi.kz мобильді қосымшасында растау хабарламасы келеді.
Kaspi.kz мобильді қосымшасында кез келген уақытта шотыңыздың жай-күйін тексеріп, депозитіңіз бойынша толық ақпаратты көре аласыз. Kaspi.kz мобильді қосымшасында.
Назар аударыңыз: Алматыда Kaspi Alaqan қарашада пайда болады. Біртіндеп сервис Қазақстанның басқа қалаларында да қолжетімді болады. Әлеуметтік желілердегі Kaspi.kz-тің ресми парақшаларында жаңалықтарды қадағалап жүріңіз.
Жаңартылды 16.02.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Ақша салу