Депозит ашу үшін кез келген Kaspi.kz бөлімшесіне баруыңыз керек. Ол үшін өзіңізбен бірге мыналарды ала баруыңыз керек:
1. Қазақстандық нөмірі бар ұялы телефон;
2. Шетелдік паспорт;
3. Қазақстанда болуға құқық беретін кез келген құжат:
- болуы туралы хабарлама;
- виза немесе визаны алмастыратын құжат;
- уақытша тіркеу туралы анықтама;
- паспорттағы ҚР шекарасынан өткенi туралы мөртабан (5 күн жарамды);
- паспорттағы тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
- еңбек қызметіне рұқсат;
- ҚР берген пана іздеген адамның куәлігі;
- ҚР берген босқын куәлігі;
- студенттік билет немесе оқу орнынан анықтама;
- еңбек шарты;
- емдеу мекемесі берген құжат;
- шетелдіктің ҚР аумағына келу және болу құқығын растайтын өзге де құжат.
Ресей, Түркия, Қытай және ЭЫДҰ-ның басқа елдерінің азаматтарына қосымша мәлімет қажет болады. Елдер тізімімен ЭЫДҰ бойынша жаднамада таныса аласыз.
АҚШ азаматтары FATCA бойынша жаднамадан мәліметтер беруі керек.
Назар аударыңыз: Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты шетел азаматтары 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап депозиттеріне ай сайын есептелген сыйақыдан салық төлеуге міндетті:
Салық салынбауы үшін Kaspi-дің шетелдік клиенттері салық резиденті мәртебесін растауы керек — кез келген Kaspi.kz бөлімшесіне елде тұруға берілген рұқсатын немесе салық органынан растайтын құжатты апару керек. Толық ақпарат жаднамада.