• Депозит ашу үшін кез келген Kaspi.kz бөлімшесіне баруыңыз керек. Ол үшін өзіңізбен бірге мыналарды ала баруыңыз керек:
     

    1. Қазақстандық ХҚКО-да алған ЖСН нөміріңіз.
     

    2. Қазақстандық нөмірі бар ұялы телефон;
     

    3. Шетелдік паспорт;
     

    4. Қазақстанда болуға құқық беретін кез келген құжат:

    • болуы туралы хабарлама;
    • виза немесе визаны алмастыратын құжат;
    • уақытша тіркеу туралы анықтама;
    • паспорттағы ҚР шекарасынан өткенi туралы мөртабан (5 күн жарамды);
    • паспорттағы тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
    • еңбек қызметіне рұқсат;
    • ҚР берген пана іздеген адамның куәлігі;
    • ҚР берген босқын куәлігі;
    • студенттік билет немесе оқу орнынан анықтама;
    • еңбек шарты;
    • емдеу мекемесі берген құжат;
    • шетелдіктің ҚР аумағына келу және болу құқығын растайтын өзге де құжат.

     

    Ресей, Түркия, Қытай және ЭЫДҰ-ның басқа елдерінің азаматтарына қосымша мәлімет қажет болады. Елдер тізімімен ЭЫДҰ бойынша жаднамада таныса аласыз.
     

    АҚШ азаматтары FATCA бойынша жаднамадан мәліметтер беруі керек.
     

    Назар аударыңыз: Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты шетел азаматтары 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап депозиттеріне ай сайын есептелген сыйақыдан салық төлеуге міндетті:
     


    Салық салынбауы үшін Kaspi-дің шетелдік клиенттері салық резиденті мәртебесін растауы керек — кез келген Kaspi.kz бөлімшесіне елде тұруға берілген рұқсатын немесе салық органынан растайтын құжатты апару керек. Толық ақпарат жаднамада.

    Жаңартылды 07.03.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?