• Иә. Сіз Kaspi.kz-те сенімхат бойынша ҚР кәмелетке толған азаматтарына және шетелдіктерге депозит аша аласыз. Депозитті кез келген Kaspi.kz бөлімшесінде дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін ашуға болады.
     

    Мына құжаттар қажет болады:
     

    • жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;
    • клиенттің өзінің атынан берілген сенімхаттың түпнұсқасы, онда банктерде ағымдағы және жинақ шоттарын ашу құқығы көрсетілуге тиіс;
    • егер клиент бұрын Kaspi.kz-те депозит ашпаған болса, клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариатта куәландырылған көшірмесі немесе түпнұсқасы. Егер Kaspi.kz-те депозит болған немесе бар болса, клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттар талап етілмейді.


    Сенімхаттың үлгісін мына жерден көруге болады.

    Басқа адамға депозитті онлайн ашу мүмкін емес.

    Жаңартылды 26.02.2025
    Қолданушылардың 60% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?