• Иә. Сіз Kaspi.kz мобильді қосымшаcында доллардағы Kaspi Депозитті онлайн аша аласыз.

     

    Ол үшін «Жеке Банк» сервисіндегі «Депозит ашуды» басыңыз, валютаны таңдап, ары қарай қарапайым әрекеттерді орындаңыз. Кейбір жағдайда құжаттарға қол қою үшін сізді Kaspi.kz бөлімшесіне шақыруы мүмкін.

     

    Содан кейін 3 күннің ішінде Kaspi Депозитке, ақша салуыңыз керек.
    Бірнеше тәсілмен:

     

    • Kaspi.kz мобильді қосымшасында өз шоттарыңыздың арасында, ақша аудару;
    • кез келген доллардағы Kaspi Банкомат арқылы;
    • Kaspi.kz бөлімшесінде теңгемен немесе доллармен;
    • Kaspi.kz бөлімшесінде, ағымдағы шоттан, ақша аудару;
    • басқа банктен, ақша аудару арқылы ақша салуға болады.

     

    Депозит ашу үшін ең аз сома — 10 доллар. Соманы теңгемен немесе доллармен көрсетуге болады. Есептелетін айырбастау бағамы сол бетте көрсетіледі.

     

    Kaspi.kz-те доллардағы депозиттер бойынша тиімді мөлшерлеме 1%-ды құрайды.

    Жаңартылды 07.02.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?