Kaspi.kz
/
Клиенттер үшін Kaspi Гид
/
Kaspi Депозит
/
Депозиттерге кепілдік беру
Депозиттерге кепілдік беру
- Жаңартылды 26.02.2025
Банк таратылған жағдайда, кепілдік берілген төлем сомасы теңгедегі депозиттер бойынша 10 миллион теңгеге дейінгі және валютадағы депозиттер бойынша 5 миллион теңгеге дейінгі соманы құрайды. Бұл мерзімді және мерзімсіз депозиттер бойынша ҚДКБҚ талаптарына сәйкес келеді.
Егер Kaspi.kz-те және Kaspi Pay-де әртүрлі валютадағы екі және одан көп депозитіңіз болса, 15 миллион теңгеден аспайтын соманы төлейді.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры өтем сомасын қатысушы банк барлық операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған күнгі жағдай бойынша ҚР Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша тек теңгемен төлейді.
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?