• Kaspi Депозитті екі тәсілмен жабуға болады:

     

    1. Kaspi.kz қосымшасында. 

     

    • «Жеке Банк» сервисінде «Kaspi Депозитке» өтіңіз, «Әрекет» қосымша бетінде «Депозит жабу» деп басыңыз.
    • «Қайдан» жолында қажетті депозитті, «Қайда» жолында Kaspi Gold картасын немесе кез келген валютадағы депозитті таңдаңыз.
    •  «Аудару және депозитті жабу» деп басып, SMS-пен келген кодпен растаңыз.

     

    Депозитті теңгемен және доллармен онлайн жабуға болады. Егер доллардағы салымды жапсаңыз, айырбастау бағамын смартфоныңыздың экранынан көре аласыз.

     

    Есептелген сыйақымен бірге барлық сома бірден таңдалған шотқа түседі.

     

    Депозит автоматты түрде жабылады.

     

    Сервис күнделікті сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін қолжетімді.

     

    1. Кез келген Kaspi.kz-тің бөлімшесінде.

     

    Сізге мобильді телефон, сондай-ақ жеке басыңызды куәландыратын құжаттың түпнұсқасы немесе оның цифрлық нұсқасы қажет болады.

    Жаңартылды 04.09.2025

    Қолданушылардың 92% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?