Иә. Kaspi Депозиттен кез келген уақытта сыйақыны жоғалтпай, кез келген соманы ала аласыз.
Сыйақы ақша депозитте болған нақты уақытқа есептеліп, төленеді.
Мысалы, сіз 12 айға 100 000 теңге салып, бір айдан кейін 10 000 теңгесін алып алдыңыз. Бірінші айда сіз 100 000 теңгеден пайыз аласыз. Кейінгі айларда сыйақы капиталдандырумен, қалған 90 000 теңгеге есептеледі.
Бөлімше кассасында не Kaspi Банкоматта депозитке ақша салғаннан кейін 15 күн өткен соң ақшаны комиссиясыз алуға болады. Ақша сақталған мерзім 15 күннен аз болса, ақшаны алғаны үшін комиссия 0,95%-ды құрайды.
Дәл қазір комиссиясыз қандай соманы алуға болатынын Kaspi.kz мобильді қосымшаcындағы «Жеке Банк» сервисінде көре аласыз: Депозит → Комиссиясыз ақша алуға лимит.
Депозиттен Kaspi Gold-қа ақша толтырған күні бірден аударуға болады. Комиссия болмайды.