Көрмейтіндер үшін арнайы режимде Kaspi Банкоматтарда тек Kaspi Gold-ты толықтыру, сондай-ақ Kaspi Gold-тан және басқа банктердің карталарынан қолма-қол ақша алу қолжетімді.
Kaspi Депозиттен екі тәсілмен ақша алуға болады:
- Kaspi.kz мобильді қосымшасында Kaspi Gold-қа ақша аудару арқылы.
Ол да көрмейтіндер және нашар көретіндер үшін бейімделген және экрандық диктормен үйлеседі.
Аударым → Шоттарымның арасында деп ашыңыз. «Қайдан» жолында Kaspi Депозитті, «Қайда» жолында Kaspi Gold-ты таңдаңыз. Аударатын соманы көрсетіп, кейінгі әрекеттерді орындаңыз.
Kaspi Gold-тан ақшаны кез келген банкоматта айына 300 мың теңгеге дейін комиссиясыз алуға болады, ал бұл сомадан көп болса, комиссия 0,95%-ды құрайды.
Ақша аударған кезде бірінші кезекте Kaspi Депозитке бұрын түскен және шотта көп уақыт жатқан ақша пайдаланылады.
Kaspi Банкоматта Kaspi Gold-тан ақша алу үшін, ажыратқышы 3,5 мм тыңдауышты Kaspi Банкоматқа қосыңыз. Тыңдауышқа арналған ұя сол жақта, купюра салатын тесіктің үстінде орналасқан және тыңдауыштың тактильдік таңбасымен белгіленген.
Деректерді қауіпсіз сақтау үшін экран бірден сөнеді. Kaspi Банкомат қызмет көрсету тілін таңдауды ұсынады және таңдалған тілде кеңес береді. Kaspi Банкоматты арнайы режимде пернетақтаның көмегімен басқаруға болады.
- Kaspi.kz бөлімшесінде.
Kaspi Депозитке ақша салғаннан кейін 15 күн өткен соң ақшаны комиссиясыз алуға болады. Ақшаны 15 күннен ерте алған кезде комиссия – 0,95%.
Kaspi.kz бөлімшесінде 2 миллион теңгеден көп ақша алу үшін, Kaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасында сомаға тапсырыс беру керек. Ол үшін Жеке Банк → Депозит → Әрекет → Алатын сомаға тапсырыс беру деп өтіңіз.