Жинақтаушы Kaspi Депозитті екі тәсілмен жабуға болады:
1. Kaspi.kz мобильді қосымшасында.
«Жеке Банк» сервисінде «Жинақтаушы Депозитке» өтіп, «Депозитті жабу» деп басыңыз.
Ақшаны Kaspi Gold шотына немесе басқа депозитке аударуға болады. Егер салымыңыздың сомасы 2 миллион теңгеден асатын болса, оны бөлімшеден алуға тапсырыс беріңіз. «Депозитті аудару және жабу» деп басып, SMS-тегі кодпен растаңыз.
Сервис күнделікті сағат 6:00-23:00 аралығында қолжетімді болады.
2. Кез келген Kaspi.kz бөлімшесінде.
Өзіңізбен бірге мобильді телефон мен жеке басыңызды куәландыратын құжатты алып барыңыз.
Назар аударыңыз: Жинақтаушы Kaspi Депозит 6 айға ашылады. Егер оны мерзімінен бұрын жабатын болса, онда шарттың талаптары бойынша сыйақы төленбейді.