• Жинақтаушы Kaspi Депозит — баланың білім алуы, автокөлік сатып алу, ипотека бойынша бастапқы жарна сияқты ұзақмерзімді мақсатқа Kaspi.kz ұсынатын ең тиімді салым.
     

    Депозитті Kaspi.kz мобильді қосымшасында онлайн немесе кез келген Kaspi.kz бөлімшесінде 5 минутта аша аласыз.
     

    Жылдық тиімді мөлшерлеме сіз депозитті ашатын мерзімге байланысты және:

    • 3 айға 18%-ды;
    • 6 айға 17%-ды құрайды.


    Ашуға болатын ең аз сома — 100 000 теңге.
     

    Мерзімі —  3 ай және 6 ай.
     

    Салымға кез келген Kaspi Терминал, Kaspi Банкомат арқылы немесе бүкіл еліміздегі Kaspi.kz бөлімшесінде, сондай-ақ Kaspi.kz мобильді қосымшасында Kaspi Gold-тан картасынан не өзіңіздің басқа депозитіңізден аударып, ақша сала аласыз.

     

    Жинақтаушы Kaspi Депозиттен жартылай ақша алуға болмайды. Пайызын алу үшін сіз оны ашқан мерзімге байланысты ақша 3 ай немесе 6 ай бойы салымда сақталуы керек.  

    Қажет болған кезде депозитті депозитті мерзімінен бұрын жауып, кез келген уақытта қаражатыңызды алуға болады, бірақ сыйақы сомасы төленбейді.

     

    Kaspi.kz-тегі депозиттерді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сақтандырған.

    Тегін «Хабарлама» сервисі сізге ай сайынғы пайыз есептелгені, ақша алынғаны, ақша салынғаны туралы хабар беріп отырады.
     

    Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы «Жеке Банк» сервисінде депозиттер бойынша барлық операцияны көруге болады.

    Жаңартылды 18.04.2025
    Қолданушылардың 94% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?