Барлық кредит бойынша берешек туралы анықтаманы алудың бірнеше тәсілі бар:
- Kaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасында.
Гид сервисіне өтіңіз → Анықтамалар → Барлық кредит бойынша → Берешек туралы, құжаттың сізге қажетті тілін көрсетіп, «Жүктеу» деп басыңыз.
Анықтаманы басып шығару үшін оны смартфоныңызға орнатылған кез келген бағдарламаның көмегімен өзіңізге поштаға жіберіңіз.
Сондай-ақ анықтаманы «Жеке Банкте» алуға болады.
- Kaspi.kz бөлімшесінде.
Жеке басты куәландыратын құжат пен мобильді телефон қажет болады.
Сондай-ақ Kaspi.kz бөлімшелерінде анықтаманы өзіңіз басып шығара аласыз. Ол үшін принтердегі QR-кодты сканерлеңіз, содан кейін "Берешек туралы" анықтамасын таңдап, экрандағы келесі қадамдарды орындаңыз.
Анықтама әп-сәтте және тегін беріледі. Ол берілген күні жарамды.