Жеке кәсіпкерлік Кредит – жеке кәсіпкерлерге арналған кепілсіз, ыңғайлы әрі тиімді кредит. Жеке кәсіпкерлік Кредиттің ең көп сомасы 2 000 000 теңгені құрайды.
Мемлекеттік кірістер комитетінде тіркелген кәсіпкерлер 24/7 өтінім беріп, шешім туралы Kaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасында бір минутта біле алады Мақұлдағаннан кейін ақша бірден Kaspi Gold-қа түседі. Қосымша құжаттарды ұсыну қажет емес.
Осыдан кейін сіз бірден Kaspi.kz-тен зат сатып ала аласыз, төлем жасай аласыз немесе кез келген банктің банкоматынан қолма-қол ақша ала аласыз.
Кез келген уақытта Жеке кәсіпкерлік Кредитті мерзімінен бұрын өтеуге және артық төлем сомасын азайтуға болады. Ішінара мерзімінен бұрын өтеудің ең аз сомасы ай сайынғы бір төлемнің сомасына тең.
Жеке кәсіпкерлік Кредитті:
• еліміздегі 4 500 Kaspi Терминалдың кез келгенінде және Kaspi Банкоматтарда;
• Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Kaspi Gold-тан төлеуге болады: Жеке Банк → Жеке кәсіпкерлік Кредит.
«Хабарландыру» тегін сервисі төлемдер туралы ескертіп, хабарлап отырады.