Берешек туралы анықтаманы алудың бірнеше тәсілі бар:
Kaspi.kz қосымшасында
Справканы тек 9:00-ден 21:00-ге дейін ғана алуға болады. Гид сервисіне → Анықтамалар → Берешек туралы деп өтіңіз, құжаттың сізге қажетті тілін, кезеңін көрсетіп, «Жүктеу» деп басыңыз.
Анықтаманы басып шығару үшін оны смартфоныңызға орнатылған кез келген бағдарламаның көмегімен өзіңізге поштаға жіберіңіз.
Кез келген Kaspi.kz бөлімшесінде
Жеке басты куәландыратын құжат пен мобильді телефон қажет болады.
Сондай-ақ Kaspi.kz бөлімшелерінде анықтаманы өзіңіз басып шығара аласыз. Ол үшін принтердегі QR-кодты сканерлеңіз, содан кейін «Берешек туралы» анықтамасын таңдап, экрандағы келесі қадамдарды орындаңыз.
Анықтама әп-сәтте және тегін беріледі. Ол берілген күні жарамды.
Жаңартылды 20.01.2026Қолданушылардың 95% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Анықтамалар