Бірнеше себебі болуы мүмкін:
- Kaspi.kz-те немесе басқа банкте мерзімі өткізілген берешегіңіз бар.
Мерзімі өткізілген берешегіңізді өтеп, қайта өтінім беруіңіз керек.
- Сіз 18 жасқа толмағансыз.
Бұл — кредит ресімдеу үшін ең төменгі жас.
- Шоттарыңызға шектеу қойылған.
Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы → Жеке Банк бөлімінде шотыңызға қойылған шектеу туралы ақпаратты: себебін, күнін, сомасын, толығырақ білу үшін не шектеуді алу үшін қайда бару керектігін білуге болады.
- Сіз әрекетсіз салық төлеушісіз.
Қосымша ақпаратты білу үшін өзіңіздің ауданыңыздағы МКК-ге хабарласуыңыз керек.
- «Несиені тоқтату» банк қарыздарынан ерікті бас тартуға қол қойдыңыз.
Бұл қызметті eGov mobile мобильді қосымшасынан өшіріп, 30 минуттан кейін қайта өтінім беріп көріңіз.
- Сіз Қазақстан Республикасының резиденті емессіз.
Ақшалай Кредитті тек резидент ресімдей алады.
Егер себебі басқада болса, 10 күннен кейін қайта өтінім беріп көріңіз. Осы уақыт аралығында кредиттік тарих жаңартылады.
Әр нақты жағдайда шешім жеке қабылданады және кредиттік тарихыңыздың сапасы мен төлем қабілеттілігіңізге байланысты.