• Бұл шотыңыздың қауіпсіздігі үшін қажет – осылайша кредитті өзіңіз ресімдеп жатқаныңызды растайсыз.


    Kaspi Банкоматта тек мына жағдайлардың біреуі болғанда ғана шартқа қол қою керек:
     

    • cіз 1 102 875 ₸ (255 АЕК-тен) жоғары сомаға Ақшалай Кредитті ресімдеп отырсыз.  

    Сондай-ақ құжаттарға Kaspi.kz қосымшасында алдын ала мақұлданғаннан кейін 24 сағат өткен соң қол қоя аласыз;
     

    • сіз бірінші рет 648 750 ₸ (150 АЕК-тен)  жоғары сомаға кредит алып отырсыз.
       

     «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 58-бабының 5-2-тармағы
     

    Ақшалай Кредит алу процесін аяқтау үшін кез келген Kaspi Банкоматқа келіп, QR-кодты сканерден өткізуіңіз керек, фотоанықтаудан өтіп, содан кейін шартқа қол қоюыңыз қажет. 
     

    Содан кейін сома Kaspi Gold-ыңызға түседі. Kaspi.kz қосымшасында сізге ақшаның түскені туралы хабарлама келеді.

    Жаңартылды 01.04.2026

    Қолданушылардың 84% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?