Kaspi.kz
/
Клиенттер үшін Kaspi Гид
/
Ақшалай Кредит
/
Алу
Алу
- Жаңартылды 28.01.2025
Ақшалай Кредитті Kaspi.kz мобильді қосымшасында 24/7 ресімдей аласыз.
Басты бетте немесе «Жеке Банк» сервисінде «Ақшалай Кредит» деп таңдаңыз және кейінгі қадамдарды орындаңыз. Өтінім бойынша шешімді бір минутта смартфоныңыздың экранынан көресіз.
Kaspi.kz мобильді қосымшасында «Ақшалай Кредит» батырмасы болмаса, оның бірнеше себебі болуы мүмкін:
- Сізде Kaspi.kz-те кредиттер бойынша мерзімі өткен берешек болған немесе әлі де бар,
- Сіз Қазақстан Республикасының бейрезидентісіз,
- Сіз18 жасқа толмағансыз. Бұл Ақшалай Кредитке өтінім беруге арналған ең төменгі жас,
- Сіз әрекетсіз салық төлеушісіз немесе шоттарыңызға тыйым салынған. Бұл жағдайда банктің заң бойынша сізге кредит беруге құқығы жоқ.
Ақшалай Кредитті мақұлдаған кезде сома Kaspi Gold-ыңызға түседі. Сізге Kaspi.kz мобильді қосымшасында толықтыру туралы хабарлама келеді.
Егер Kaspi Gold-ыңыз болмаса, оны кредитке өтінім берген кезде аша аласыз.
Қолданушылардың 97% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?