Банктен кредит рәсімдеп алғанда, мойныңызға оны төлеймін деген міндеттеме жүктейсіз.
Кредит төлемін уақытылы төлемесеңіз, мерзімі өтіп кеткен төлем сомасына өсімпұл және пайыздар есептеледі. Ондайда банк борышты өндіріп алу үшін барлық құқығын пайдалануға мәжбүр болады.
Сондай-ақ кредит тарихыңыз бұзылып, бұдан былай мүлде кредит ала алмай қалуыңыз ықтимал.