• Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы «Жеке Банк» сервисінде қажетті кредитті таңдап, «Мерзімінен бұрын жартылай өтеуді» басыңыз да, төлегіңіз келетін соманы енгізіңіз.


    Мерзімінен бұрын жартылай өтеуге болатын ең аз сома — бір айдың төлемі.


    Қажетті нұсқаны көрсетіңіз: «Кредиттің мерзімін азайту» немесе «Ай сайынғы төлемді азайту».
    Экранда кредиттің жаңа мерзімін, ай сайынғы төлемді және қанша үнемдейтініңізді көресіз.


    Содан кейін төлемді растаңыз.
    Кредит туралы, ақпарат пен төлем күнтізбесі бірден жаңартылады. Сіз мұны «Жеке Банк» сервисінде тексере аласыз: Кредит → Төлем күнтізбесі.


    Сервис Kaspi.kz мобильді қосымшасында 24/7 қолжетімді. Мерзімінен бұрын жартылай төлеу әрдайым айыппұлсыз және комиссиясыз.

     

    Жаңартылды 30.06.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?