Кез келген валютадағы депозиттен Кредит Картасына ақшаны Kaspi.kz мобильді қосымшадан — үйден шықпай-ақ және комиссиясыз аудара аласыз.
Валютадағы депозиттен картаға ақша салу үшін «Жеке Банк» бөлімінде «Депозиттер» қосымша бетін таңдап, «Аударым» сілтемесін басыңыз. «Қайдан» жолында валютадағы депозитті, «Қайда» жолына Кредит Картасын таңдаңыз.
Кредит Картасына тек қарыз сомасында ғана, ақша салуға болады. Соманы теңгемен не доллармен көрсетіңіз. Есептелетін айырбастау бағамы дәл сол бетте көрсетіледі.
«Аударуды» басыңыз және экрандағы кейінгі әрекеттерді орындаңыз.
Валютадағы депозиттен Кредит Картасына 24/7 бойы ақша аударуға болады.