Kaspi Банкомат арқылы Kaspi Red шотын төлеу үшін Kaspi Банкоматта авторизациядан өтуіңіз керек. Мұның бірнеше тәсілі бар:
- Kaspi Банкоматта Kaspi Alaqan камерасына алақанды жақындату.
- Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы.
Kaspi QR сервисін ашып, Kaspi Банкомат экранындағы QR-кодты сканерлеңіз.
- Kaspi Gold-ты карта қабылдағышқа салу.
- ЖСН енгізу.
Содан кейін экрандағы әрекеттерді орындаңыз.
Купюраларды купюра қабылдағышқа түйреуішсіз әрі қысқышсыз, бума күйінде қою қажет.
Назар аударыңыз: Банкомат ақша қалдығын бермейді. Бүкіл сома Kaspi Red шотын төлеуге жұмсалады. Егер сіз шотта көрсетілгеннен көп ақша салсаңыз, онда қалдық сома келесі айда есепке алынады.
Мысал:
Ай сайынғы шот сомасы — 15 000 теңге.
Сіз 20 000 теңге салдыңыз.
Келесі шотта сома 5 000 теңгеге аз болады = 10 000 теңге.
Төлегеннен кейін сізге Kaspi.kz мобильді қосымшасына электрондық чекпен хабарлама келеді. Оны жүктеп алуға немесе смартфоныңызға орнатылған мессенджер мен электрондық пошта арқылы жіберуге болады.
Электрондық чектің қағаз чек сияқты заңды күші бар.
Kaspi Red-пен сатып алу және шоттары туралы барлық ақпарат кез келген уақытта Kaspi.kz қосымшасынан көре аласыз.
Назар аударыңыз: Kaspi Alaqan Алматы мен Астанада қолжетімді. Біртіндеп сервис Қазақстанның басқа қалаларында да пайда болады.
Жаңартылды 05.03.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
- Kaspi Банкоматта Kaspi Alaqan камерасына алақанды жақындату.
Қызметтер