• Кредит бойынша ай сайынғы төлемді өтеу үшін Kaspi Банкоматта авторизациядан өту керек. Мұның бірнеше тәсілі бар:
     

    • Kaspi Банкоматта Kaspi Alaqan камерасына алақанды жақындату.
       
    • егер Kaspi Gold Apple Pay-ге немесе Google Pay-ге қосылған болса, смартфонды Kaspi Банкоматтың оқу құрылғысына жақындату керек.
       
    • Kaspi.kz қосымшасы арқылы.
      Kaspi QR сервисін ашып, Kaspi Банкомат экранындағы QR-кодты сканерлеңіз.
       
    • Kaspi Gold-ты салыңыз немесе жанастырыңыз.
       
    • ЖСН енгізу.
      Бұл тәсілмен басқа адамның кредитін де төлеуге болады.
       

    Кредит төлегеннен кейін сізге Kaspi.kz қосымшасында растау хабарламасы келеді. Кредитіңіз бойынша ақпарат әрдайым «Жеке Банк» сервисінде қолжетімді.

     

    Назар аударыңыз: Kaspi Alaqan біртіндеп Қазақстанның барлық қаласында қолжетімді болады.

    Жаңартылды 13.07.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?