• Иә. Сіз кез келген Kaspi Банкоматта доллардағы Kaspi Депозитке ақша сала аласыз.
     

    Ақшаны қайта санап, банкоматта авторизациядан өтіңіз. Бірнеше тәсілі бар:
     

    • Kaspi Банкоматтағы Kaspi Alaqan камерасына алақанды жақындату;
       
    • Kaspi.kz қосымшасы арқылы.

    Kaspi QR сервисін ашып, Kaspi Банкоматтың экранындағы QR-кодты сканерлеңіз;

     

    • Kaspi Gold-ты салу немесе жақындату;

     

    • ЖСН енгізу.
       

    Купюраларды бумамен қыстырғышсыз әрі қысқышсыз салыңыз. Банкоматтың экранындағы соманы тексеріп, «Шотқа түсіру» деп басыңыз.


    Ақша Kaspi Gold-қа бірден түседі. Kaspi.kz қосымшасында бұл туралы хабарлама келеді.
     

    Ақшаны алған немесе салған сәтте өзекті болатын Kaspi.kz-тің бағамы бойынша айырбасталады. Ол сіз салғыңыз келетін соманы салғаннан кейін Kaspi Банкоматтың экранында көрсетіледі.


    Назар аударыңыз: қажет болса, ақша салуды тоқтатып, барлық ақшаңызды қайта алып алуыңызға болады.

    Жаңартылды 01.04.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?