Көрмейтіндер үшін арнайы режимде Kaspi Банкоматтарда тек Kaspi Gold-ты толықтыру, сондай-ақ Kaspi Gold-тан және басқа банктердің карталарынан қолма-қол ақша алу қолжетімді.
Сіз Kaspi Gold -қа ақша салып, содан кейін Kaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасында шоттарыңыздың арасында кез келген валютада ақша аудара аласыз. Ол да көрмейтіндер және нашар көретіндер үшін бейімделген және экрандық диктормен үйлеседі.
Аударым → Шоттарымның арасында деп ашыңыз. «Қайдан» жолында Kaspi Gold-ты, «Қайда» жолында Kaspi Депозитті таңдаңыз. Аударатын соманы көрсетіп, кейінгі әрекеттерді орындаңыз.
Kaspi Банкоматта Kaspi Gold-қа ақша салу үшін, ажыратқышы 3,5 мм тыңдауышты Kaspi Банкоматқа қосыңыз. Тыңдауышқа арналған ұя сол жақта, купюра салатын тесіктің үстінде орналасқан және тыңдауыштың тактильдік таңбасымен белгіленген.
Деректерді қауіпсіз сақтау үшін экран бірден сөнеді. Kaspi Банкомат қызмет көрсету тілін таңдауды ұсынады және таңдалған тілде кеңес береді. Kaspi Банкоматты арнайы режимде пернетақтаның көмегімен басқаруға болады.