Kaspi Банкоматтар 3,5 мм тыңдауышқа арналған ұямен жабдықталған – ол сол жақта, купюра салатын тесіктің үстінде орналасқан және тыңдауыштың тактильдік таңбасымен белгіленген.
Деректерді қауіпсіз сақтау үшін тыңдауышты қосыңыз, экран бірден сөнеді. Kaspi Банкомат қызмет көрсету тілін таңдауды ұсынады және таңдалған тілде кеңес береді.
Картаны салыңыз – оған арналған тесік оң жақта орналасқан және Брайль қарпімен жазылған.
Kaspi Банкоматты арнайы режимде пернетақтаның көмегімен басқаруға болады. Ондағы цифрлар телефондағыдай стандартты түрде орналасқан, «5» нүктемен белгіленген. Цифрлардың оң жағында бірқатар батырма бар: «Жою», «Қалпына келтіру», «Енгізу» – әрқайсысында тактильдік белгі бар.
Арнайы режимде Kaspi Банкомат арқылы тек Kaspi Gold-ты толықтыру, сондай-ақ Kaspi Gold-тан және басқа банктердің карталарынан қолма-қол ақша алу қолжетімді. Қолма-қол ақша алу үшін пернетақтада «1», картаны толықтыру үшін «2» деп басыңыз.
Басқа операциялар әрдайым Kaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасында қолжетімді, ол да көрмейтіндер және нашар көретіндер үшін бейімделген және экрандық диктормен үйлеседі.