• Барлық Kaspi Банкомат былай бейімделген:
     

    • мүгедектерге арналған арбамен жүріп-тұратын адамдар үшін;
      Оларға отырып, пайдалануға ыңғайлы болатындай биіктікте орнатылған.
       
    • көрмейтіндер және нашар көретіндер үшін;
      Kaspi Банкоматын дауыстық нұсқаулықтың көмегімен пайдалануға болатындай 3,5 мм тыңдауышқа арналған ұямен жабдықталған – ол сол жақта орналасқан және тыңдауыштың тактильдік таңбасымен белгіленген. Карта мен купюра салатын тесіктер Брайль қарпімен жазылған. Пернетақтадағы «5» цифры нүктемен белгіленген. Цифрлардың оң жағында бірқатар батырма бар: «Жою», «Қалпына келтіру», «Енгізу» – әрқайсысында тактильдік белгі бар.
       
    • нашар еститіндер үшін;
      Қабылдауды жеңілдету үшін мәзірлер мен кеңестер мәтін мен дауыспен қайталанады.
    Жаңартылды 11.01.2024
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?