Ажыратқышы 3,5 мм тыңдауышты Kaspi Банкоматқа қосыңыз. Тыңдауышқа арналған ұя сол жақта, купюра салатын тесіктің үстінде орналасқан және тыңдауыштың тактильдік таңбасымен белгіленген.
Деректерді қауіпсіз сақтау үшін экран бірден сөнеді. Kaspi Банкомат қызмет көрсету тілін таңдауды ұсынады және таңдалған тілде кеңес береді.
Картаны салыңыз – оған арналған тесік оң жақта орналасқан және Брайль қарпімен жазылған.
Kaspi Банкоматты арнайы режимде пернетақтаның көмегімен басқаруға болады. Ондағы цифрлар телефондағыдай стандартты түрде орналасқан, «5» нүктемен белгіленген. Цифрлардың оң жағында бірқатар батырма бар: «Жою», «Қалпына келтіру», «Енгізу» – әрқайсысында тактильдік белгі бар.
Kaspi Gold-тан қолма-қол ақша алу үшін «1» деп басыңыз.
PIN-кодты енгізіңіз. 1000 теңгенің еселенген сомасын көрсетіңіз. Kaspi Банкомат қолма-қол ақшаны берген соң, карта мен ақшаны алыңыз.
Қолма-қол ақшаны алғаннан кейін сізге Kaspi.kz мобильді қосымшасында хабарлама келеді – оны экраннан оқу функциясы арқылы тыңдауға болады. Хабарламада сіз алған сома, Kaspi Gold-тағы қолжетімді қалдық пен чек көрсетіледі. Электрондық чектің де қағаз чек сияқты заңды күші бар.
Шотыңыздың күйін кез келген уақытта Kaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасында тексеріп, Kaspi Gold-ыңыз бойынша толық ақпарат ала аласыз – ол да көрмейтіндер және нашар көретіндер үшін бейімделген және экрандық диктормен үйлеседі.