Сіз Kaspi Банкоматта ақшаны басқа тәсілмен ала аласыз:
- Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы.
Kaspi QR сервисін ашып, Kaspi Банкоматтың экранындағы QR-кодты сканерлеп, кейінгі әрекеттерді орындаңыз;
- ЖСН бойынша.
ЖСН енгізіңіз де, банкоматтың экранындағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер осы тәсілдердің біреуі көмектессе, онда Kaspi Gold пластикалық картасының өзі зақымдалған. Оны қайта шығару керек. Мұны кез келген Kaspi Картоматта 60 секундта жасауға болады. Қайта шығару құны – 1 995 теңге. Тек ұялы телефон қажет болады.
Егер Kaspi QR-ды сканерлегеннен кейін не ЖСН енгізгеннен кейін Kaspi Банкомат ақша бермесе, бірақ сізге Kaspi.kz мобильді қосымшасында алғаныңыз туралы хабарлама келсе, Банкоматтан ақша шешу сілтемесі бойынша бізге жазыңыз. Банкоматтың мекенжайын, сіз ақша алған күнді және уақытты көрсетіңіз. Сізге көмектесуге тырысамыз.
Егер бұл тәсілдердің ешқайсысы көмектеспесе, шот бойынша операцияларға шектеу қойылған болуы мүмкін. Мысалы, клиенттің ЖСН-і ҚР Ұлттық банкінің антифрод-орталығы тізімінде болса. Құқық қорғау органдары (ІІМ) бұл тізімге алаяқтық белгілері бар операциялар жасаған пайдаланушыларды енгізеді. Осындай жағдайда Kaspi.kz операцияларды қабылдамайды.
«Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулыЖаңартылды 30.04.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
- Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы.
Шешіп алу