Егер қолма-қол ақшаны алу лимиті шегінде алсаңыз, комиссии болмайды. Ол мынадай сомаларды қамтиды:
- жалақы;
- Ақшалай Кредит;
- Жеке кәсіпкерлік Кредит;
- Kolesa.kz -те Автокредитпен көлікті сатудан түскен ақша;
- айына 300 000 теңге.
Комиссиясыз алынатын соманы Kaspi.kz-тегі «Жеке Банк» бөлімінде авторизациядан өткеннен кейін Kaspi Gold → Ақпарат → Қолма-қол ақша алуға лимит қосымша бетінен қарай аласыз.
Лимиттен асырып қолма-қол ақша алған кезде комиссия асып кеткен соманың 0,95%-ын құрайды. Комиссия мөлшерін ақшаны алар алдында Kaspi Банкоматтың экранынан көресіз.
Назар аударыңыз:
- ақша аударғанда, төлем жасағанда, зат сатып алғанда және Kaspi Gold-тан ақша алғанда жалақы ақшасы азаяды;
- Айына 300 000 теңгені әрдайым комиссиясыз ала аласыз. Бұл сома карта бойынша шығын мен операцияларға байланысты емес;
- ең алдымен жалақы ақшасы есептен шығарылады.