Ажыратқышы 3,5 мм тыңдауышты Kaspi Банкоматқа қосыңыз. Тыңдауышқа арналған ұя сол жақта, купюра салатын тесіктің үстінде орналасқан және тыңдауыштың тактильдік таңбасымен белгіленген.
Деректерді қауіпсіз сақтау үшін экран бірден сөнеді. Kaspi Банкомат қызмет көрсету тілін таңдауды ұсынады және таңдалған тілде кеңес береді.
Картаны салыңыз – оған арналған тесік оң жақта орналасқан және Брайль қарпімен жазылған.
Kaspi Банкоматты арнайы режимде пернетақтаның көмегімен басқаруға болады. Ондағы цифрлар телефондағыдай стандартты түрде орналасқан, «5» нүктемен белгіленген. Цифрлардың оң жағында бірқатар батырма бар: «Жою», «Қалпына келтіру», «Енгізу» – әрқайсысында тактильдік белгі бар.
Картадан қолма-қол ақша алу үшін «1» деп басыңыз.
PIN-кодты енгізіңіз. 1000 теңгенің еселенген сомасын көрсетіңіз. Kaspi Банкоматтарда әлемнің кез келген банкінің Visa не Mastercard карталарынан:
- бір рет алғанда — 100 000 теңгеге дейін;
- тәулігіне шектеусіз ала аласыз.
Kaspi Банкомат қолма-қол ақшаны берген соң, карта мен ақшаны алыңыз.
Ақша алғаны үшін комиссияны картаны шығарған банк белгілейді. Kaspi.kz қолма-қол ақша алғаны үшін және банкоматты пайдаланғаны үшін комиссия алмайды.