Мұның бірнеше себебі болуы мүмкін:
Сіз телефон нөмірін қате енгіздіңіз
Алушы Kaspi.kz-те басқа нөмірмен тіркелген. Деректерді тексеріп, қайта көріңіз.
Сіз аударым сомасына белгіленген лимиттен асып кеттіңіз
Күніне басқа адамдарға көп дегенде 2 миллион теңге жібере аласыз.
Kaspi Gold-ыңыз бұғатталған
Оны кез келген уақытта Kaspi.kz қосымшасында ашуға болады. Ол үшін Жеке Банк сервисіне → Kaspi Gold → Картаны тосқауылдан шығару деп өтіңіз.
Kaspi Gold-та қаражат жеткіліксіз
Аударым сомасын азайтыңыз немесе кез келген тәсілмен оған ақша салыңыз:
- Kaspi.kz-тегі Kaspi Депозиттен;
- Егер ЖК ретінде тіркелген болсаңыз, Kaspi Pay шотынан;
- Егер ЖК-сіз және қызметкерлерсіз өзіңізге жұмыс істейтін болсаңыз Өзін-өзі жұмыспен қамтушының шотынан;
- Kaspi Терминалдар мен Kaspi Банкоматтар арқылы;
- Kaspi.kz қосымшасында Қазақстанның кез келген банкінің картасынан ақша аудару арқылы;
- WebMoney немесе Qiwi Kazakhstan сияқты электрондық төлем сервистері арқылы;
- картадан картаға ақша аударуды қолдайтын кез келген банктің немесе сервистің сайтында немесе мобильді қосымшасында;
- басқа банктің кассасы арқылы ақша аудару арқылы.
Kaspi Gold-ыңызға шектеулер қойылған
Шотқа салынған тыйым немесе басқа да шектеулер туралы толық ақпаратты Kaspi.kz қосымшасында көре аласыз: Жеке Банк → Kaspi Gold → Ақпарат.
Сондай-ақ бұл ақпарат мемлекеттік органдардың сайтында салық берешегі туралы мәліметтерде және сот ісін жүргізу бойынша борышкерлер тізілімінде бар.
Алушы ҚР Ұлттық Банкінің антифрод-орталығының тізімінде
Құқық қорғау органдары (ІІМ) оған алаяқтыққа ұқсас операциялар жасайтын клиенттерді енгізеді.
Олар басқа адамдардан ақша аударымын қабылдай алмайды.
Егер себеп сәйкес келмесе, Kaspi.kz қосымшасында бізге Kaspi Гидпен Чатқа жазыңыз. Біз көмектесуге тырысамыз.
Жаңартылды 30.04.2026Қолданушылардың 50% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Аударым