Kaspi.kz-тегі «Хабарландыру» сервисінде лайықты бос жұмыс орындарын табудың екі әдісі бар:
- Жұмыс → Жұмыс іздеп жүрмін санатын таңдаңыз;
- іздеу жолына лауазымның атауын немесе негізгі сөздерді енгізіңіз.
Қажетті параметрлерді көрсетіңіз, мысалы: жалақысы, жұмыс тәжірибесі, жұмыс кестесі, жасы, содан соң «Хабарландыру көрсету» батырмасын басыңыз.
Табылған бос жұмыс орындарын жарияланған күні мен жалақы мөлшері бойынша сұрыптауға болады.
Өзіңізге қажетті хабарландыруды таңдап, нөміріне телефон соғыңыз немесе «Чат» батырмасына басыңыз. Ізденушімен жазысқан хаттар ашылады, ол жерде кез келген сұрақ қойып, жұмыс шарттарын талқылай аласыз.