Kaspi.kz-тегі «Хабарландыру» сервисінде «Беру» деп басыңыз.
Сосын:
- Атауын ойлап табыңыз.
Ол 5-тен 75 символға дейін болуы мүмкін. Тақырыпты бас әріптермен жазуға және жалақыны көрсетуге болмайды.
- «Жұмыс» санатындағы «Жұмыс іздеп жүрмін» бөлімін таңдаңыз.
- Қалайтын лауазымыңыз туралы ақпаратты толтырыңыз: қызмет саласы, мамандану, жұмыс тәжірибесі және жұмыс кестесі.
Жасыңызды енгізіп, сипаттаманы қосыңыз – кемінде 20 символ.
- Теңгемен жалақыны және төлем кезеңін көрсетіңіз: ай, ауысым, күн немесе сағат үшін.
- Фотосуреттеріңізді қосыңыз.
Сіз 5 суретке дейін қоса аласыз.
- Байланыс мәліметін қалдырыңыз.
Қажет болса, қаланы өзгертіңіз.
Сіз Kaspi.kz мобильді қосымшасына тіркелген телефон нөмірі автоматты түрде толтырылады. Сіз оны өзгерте аласыз немесе қосымша нөмірді қоса аласыз.
- «Хабарландыруды беру» батырмасын басыңыз.
Хабарландыру берілгеннен кейін 5 минуттан соң жарияланады. Сізге бұл туралы Push-хабарлама келеді. Сіз оны Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы «Хабарлама» сервисінен көре аласыз.