- Жаңартылды 13.06.2025
1. Тұру құнын және демалыс аймағыңыздың сипаттамасын тексеріңіз
Бағасын өзгерту үшін Kaspi Travel сервисіне → Демалыс аймағы деп өтіп, қажетті бөлмені немесе шағын үйді таңдаңыз. «Күнтізбе» бөлімінде қажетті күндерді белгілеп, «Бөлмелерді жабу не бағасын өзгерту» деп басыңыз. Бір түнде тұруға белгіленген жаңа құнын көрсетіп, өзгерісті қолданыңыз.
2. Бронь қоюға болатын барлық күндердің бос екеніне көз жеткізіңіз
Kaspi Travel сервисіне → Демалыс аймағы деп өтіп, қажетті отельді немесе шағын үйді таңдаңыз. «Күнтізбе» бөлімінде қонақтар таңдай алатын күндерді белгілеп, «Ашу» деп басыңыз.
3. Қонақтармен демалыс аймағына сілтемемен бөлісіңіз
Kaspi Pay қосымшасында Kaspi Travel сервисіне → Демалыс аймағы деп өтіп, «Бөлісу» деп басыңыз. Сіз сілтемені кез келген мессенджер арқылы жібере аласыз немесе оны өз сайттарыңыз бен әлеуметтік желілеріңізге орналастыра аласыз.
4. Kaspi Travel менеджерін тағайындаңыз
Қызметкер қойған броньды растай алады, тұру құнын өзгерте алады және демалыс аймағында бронь қоюды шектей алады.
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?