• Kaspi Жұма — Kaspi.kz-тің бүкілхалықтық бөліп төлеу арқылы тиімді сатып алу мерекесі. Ол жылына үш рет: ақпан, маусым және қараша айларында өтеді.

     

    Kaspi Жұма кезінде серіктестер 6, 12 не 24 айға бөліп төлеу арқылы өз тауарларын сата алады және қызмет көрсете алады. Шарттар Kaspi Travel-дегі турлар мен «Қазақстан» сервисіне, Kaspi.kz-тегі Магазиннен және серіктестерден Kaspi QR-мен тауар сатып алған кезде қолданылады. Сатылым 5 еседен астам өседі.

     

    Сатқаны үшін ақша комиссия шегеріліп, төлем қабылдаған сайын Kaspi Pay шотына онлайн түседі. Толық ақпарат Kaspi Pay мобильді қосымшасындағы Бүгінгі сатылым → Сатылым есебі бөлімінде қолжетімді.

     

    Серіктес Kaspi Pay мобильді қосымшасында Kaspi Жұмаға өзінің қатысатынын растайды. Ол үшін Маркетинг сервисіне → Kaspi QR-мен науқандары деп өтіңіз, Kaspi Жұманы таңдаңыз да, шарттарымен танысып, «Науқанға қосылу» деп басыңыз.

     

    Kaspi Магазиндегі және Kaspi Travel-дегі ұсыныстарға Kaspi Жұма автоматты түрде қолданылады.

     

    Әр нақты жағдайда шешім жеке қабылданады.

    Жаңартылды 26.01.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?