«Көтерме зат сатып алу» сервисінде тапсырыстың ақысын негізгі Kaspi Pay шотынан төлеуге болады.
Мұны тек компания басшысы жасай алады.
Сома теңгемен есептен алынады.
Назар аударыңыз: тапсырыс беруші растаған кезде ғана тапсырыстың ақысын төлеу керек — сізге Kaspi Pay қосымшасына бұл туралы хабарлама келеді. Бұл екі күнге дейін созылуы мүмкін. Егер осы уақыттың ішінде юаньнің теңгеге шаққандағы бағамы өзгеретін болса, түпкілікті сома көбеюі немесе азаюы мүмкін. Бұл туралы ақпарат тапсырыс мәліметтерінде көрсетіледі.
Жаңартылды 06.02.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Төлеу