Kaspi Pay ұсынған «Көтерме зат сатып алу» — бұл бірегей сервис, оның көмегімен серіктестер тікелей Қытайдан тауар партиясына тапсырыс бере алады.
Артықшылықтары:
- Тауардың сапасын және сипаттамаға сәйкестігін тексеру;
- ілеспе құжаттарды, жүкқұжатты, шот-фактураны, сатып алу-сату шартын ұсынып, Kaspi Pay шотынан теңгемен төлеу;
- ҚҚС, кедендік ресімдеу және есікке дейін жеткізу тауар құнына қосылған.
Енді Сізге өндірушілерді өз бетіңізше іздеудің, келіссөздер жүргізудің, өнімнің сапасын тексерудің, кедендік ресімдеу мен құжаттарға қатысты мәселелерді шешудің қажеті жоқ.
Сервисте электрониканың, киім мен аяқкиімнің, үйге, спортқа, сұлулық пен денсаулыққа арналған және басқа да тауардың кең ассортименті ұсынылған.
Сізге ыңғайлы болу үшін Kaspi Магазинде сіз сататын тауарлар іздеуге уақыт жұмсамай, тауар партиясына оңай тапсырыс беру үшін арнайы іріктемеге жиналған.
Лайықты ұсынысты табу үшін тіпті іздеу жолына тауардың атауын да енгізу міндетті емес. Тауарды суреті бойынша тауып алуға болады: тауарды суретке түсірсеңіз немесе смартфонның медиатекасынан суретті жүктесеңіз болды.
Фотосуреттері мен сипаттама тізімі көрсетілген толық сипаты қажетті тауарды таңдауға көмектеседі. Қаласаңыз жеке дизайны бар тауар партиясына тапсырыс беруге болады, мысалы, ерекше принт немесе ою жасатуға, заттаңбаны қосуға болады.
Kaspi Pay қосымшасында тапсырыстың күйін кез келген уақытта тексеруге болады. Сондай-ақ, ресімдеуден бастап алуға дейінгі әр кезең туралы сізге хабарлама келіп отырады.
Назар аударыңыз: сервис біртіндеп іске қосылады. Әлеуметтік желілердегі Kaspi Pay-дің ресми парақшасындағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.
Жаңартылды 07.02.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Шарттар