• Kaspi Pay қосымшасында Көтерме зат сатып алу Каталогқа өтусервисін ашыңыз.

     

    Тауарды атауы, фотосуреті бойынша немесе санаттардан табуға болады. Қажетті позицияны таңдап, санын көрсетіңіз. Тапсырыс беруге болатын ең аз партия көлемі тауар құнының қасында көрсетілген.

     

    Егер шарттары көңіліңізден шықса, «Себетке салу» деп басып, себетке өтіңіз.

     

    Экрандағы қарапайым қадамдарды орындай отырып, сатып алуды ресімдеңіз. Ресімдеу барысында қала мен жеткізу мекенжайын көрсетуіңіз керек. Кейін оларды өзгерте алмайсыз.

     

    Сатушының растауын күтіңіз. Бұл туралы хабарлама Kaspi Pay қосымшасына келеді.

    Тапсырыстың құнын төлеңіз. Оған мыналар кіреді:

    • ҚҚС;
    • Кедендік ресімдеу;
    • жеткізу.

     

    Тауарды алу күнін «Тапсырыстарым» қосымша бетінен қарауға болады.

    Жаңартылды 15.07.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?