• Kaspi Travel Business — Kaspi Pay серіктестеріне арналған ыңғайлы сервис. Оның көмегімен ұшақ және т/ж билеттерін Kaspi Pay Шотынан сатып алып, бухгалтерияға қажет құжаттарды жүктей аласыз.

     

    Сервис Kaspi Pay қосымшасында және веб-нұсқасында қолжетімді.

     

    Kaspi Travel Business-ті компания басшысы кез келген уақытта Kaspi Pay қосымшасында онлайн қоса алады.

     

    Сервиспен жұмыс істеу оңай:

    • ұшақ және т/ж билеттеріне бронь қойып, ақысын Kaspi Pay Шотынан төлейсіз;
    • жолаушыларға Kaspi.kz қосымшасындағы Kaspi Travel-ден электронды билет бар хабарлама келеді;
    • бухгалтерияға қажет құжаттарды: шот-жүкқұжатты, сатып алған билеттер тізілімін немесе орындалған жұмыс актісін жүктеп аласыз.

     

    Сервисті компания басшысы, басқарушы, бухгалтер және Kaspi Travel Business менеджері пайдалана алады.

    Жаңартылды 22.07.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?