Жоқ. Егер жолаушы «баратын» рейспен ұшпаса, кері бағыттағы билет автоматты түрде жойылады.
Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларының 2-тарауының 11-тармағы
Егер тариф қайтарылатын болса, ұшақ билеттерін тек екі бағытқа да бірден қайтаруға болады. Kaspi Pay қосымшасында Kaspi Travel Business → Бронь бөліміне өтіп, қажетті ұшақ билеті мен жолаушыны таңдаңыз да, «Қайтаруды ресімдеу» деп басыңыз.
Билет үшін қайтарылатын соманы және оның мерзімін әуе тасымалдаушы белгілейді. Содан кейін ақша Kaspi Pay шотыңызға бірден түседі.
Сондай-ақ тариф шарттары бойынша рұқсат етілсе, екі бағыттың да ұшу күндерін өзгерте аласыз. Ол үшін Kaspi Travel Business → Сапарларым → Бронь → Билетті айырбастау бөліміне өтіңіз.
Жаңартылды 25.08.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Ұшақ билеттері