Ұшақ билетін компанияның басшысы және «Kaspi Travel Business менеджері» рөліндегі қызметкер Kaspi Travel Business сервисінде сатып ала алады.
Ол үшін pay.kaspi.kz сайтына кіріп, Kaspi Pay аккаунтыңыз арқылы авторизациядан өтіңіз. Бағытты, күнді, жолаушылардың санын көрсетіп, «Билет табу» батырмасын басыңыз. Қолайлы нұсқаны таңдап, қызметкердің деректерін енгізіңіз.
«Билетке бронь қою» деп басыңыз. Ұшақ билетін сатып алу үшін Kaspi Pay қосымшасына → Хабарлама → Kaspi Travel Business деп өтіңіз. «Төлеу» деп таңдап, әрекетті растаңыз.
Жолаушыға Kaspi.kz мобильді қосымшасында Kaspi Travel-ден электрондық билет көрсетілген хабарлама келеді. Сондай-ақ билет pay.kaspi.kz сайтындағы «Брондар» бөлімінде қолжетімді болады.
Назар аударыңыз: Kaspi Pay қосымшасы біртіндеп жаңартылады.
Жаңартылды 11.02.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Ұшақ билеттері