Ұшақ билетін Kaspi Pay қосымшасында ауыстыруға болады. Kaspi Travel Business → Броньдар → Билет мәліметтері бөліміне өтіңіз. «Билетті ауыстыру» деп басып, жолаушыларды және ауыстыру себебін көрсетіңіз. Содан кейін жаңа ұшу күні мен уақытын таңдаңыз. Қажет болса, агентке түсіндірме қалдырыңыз. «Ауыстыратын нұсқаларды көрсету» деп басыңыз.
Өзіңізге қолайлы нұсқаны таңдап, «Жалғастыру» деп басыңыз. Шарттарымен танысып, «Жалғастыру», одан кейін «Төлеуге өту» деп басып, әрекетті растаңыз.
Ауыстыру ережелерін әуе компаниялары белгілейді. Олар билет сатып алар алдында билеттің тарифі туралы ақпаратта әрдайым көрсетіледі.
Назар аударыңыз: билетті тек сол әуе компаниясының рейстеріне ғана ауыстыруға болады.
Жаңартылды 30.06.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Ұшақ билеттері