Ұшақ билетін компания басшысы, басқарушы, бухгалтер немесе «Kaspi Travel Business менеджері» рөліндегі қызметкер ауыстыра алады.
Ол үшін Kaspi Pay қосымшасында Kaspi Travel Business → Броньдар → Билет мәліметтері бөліміне өтіңіз. «Билетті ауыстыру» деп басып, жолаушыларды және ауыстыру себебін көрсетіңіз. Содан кейін жаңа ұшу күні мен уақытын таңдаңыз. Қажет болса, агентке түсіндірме қалдырып, «Ауыстыратын нұсқаларды көрсету» деп басыңыз.
Өзіңізге қолайлы нұсқаны таңдап, «Жалғастыру» деп басыңыз. Ауыстыру ережелерімен танысып, «Жалғастыру», одан кейін «Төлеуге өту» деп басып, әрекетті растаңыз.
Ауыстыру ережелерін әуе компаниялары белгілейді. Олар билет сатып алар алдында билеттің тарифі туралы ақпаратта әрдайым көрсетіледі.
Жолаушылар ауыстыру және қайтару шарттарын Kaspi.kz қосымшасында көре алады. Ол үшін Билет мәліметтері → Тариф ережелері бөліміне өтіңіз.
Назар аударыңыз: күнді тек сол әуе компаниясының рейстеріне ғана ауыстыруға болады.
Жаңартылды 30.06.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Ұшақ билеттері