ISO 20022 — бұл банктер, банктік емес қаржы мекемелері, сақтандыру компаниялары мен инвестициялық қорлар арасында аударымдар мен төлемдер туралы нақты деректермен алмасудың халықаралық стандарты.
Қазақстан операциялардың айқындығын арттыру және оларды өңдеуді жеңілдету үшін 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап ISO 20022 пайдаланады.